Инженерлік геологиялық іздестіру кезінде жүргізілетін геодезиялық жұмыстар

Инженерлік геологиялық іздестірулердің келесі жұмыстарында геодезиялық жұмыстар жүргізіледі:1 инженерлік геологиялық түсірісте;2 инженерлік геологиялық жұмыстардың өндірісіндегі іздеу жұмыстарында;3 іздеу жұмыстарының геофизикалық әдістерінде.

Инженерлік геологиялық түсірістердің барысында қазбаларды орналасу жобасын топографиялық картадан жер бетіне көшіруді, іздеу жұмыстарында қазбалардың байланыстыруын орындайды, яғни геологиялық іздестірулер жүргізілген жерлерде нүктелердің координаталары және биіктіктері анықталады.

Геологиялық қазбаларын топографиялық карталардан көшіруді картаның масштабына сәйкес көз мөлшерімен немесе инструменталды жолымен орындайды. 1: 25 000 және одан ұсақ масштабты түсірістерде қазбалардың орналасу жағдайын жер бетінің контурлары бойынша немесе қарапайым өлшеулерді (қадаммен) контурлардан жүргізу негізінде анықтайды. Ірі масштабты түсірістерде көшіруді инструменталды жолымен орындайды, яғни теодолиттік және тахеометриялық жүрістерді жүргізуді, полярлық әдіспен, бұрыштық қиылыстыру, жергілікті жерде арнайы геологиялық сызықтарды және торларды салу арқылы көшіреді.

Инструменталды жолымен көшіруде ең жақын орналасқан геодезиялық пунктіне қарастырғанда орташа квадраттық қателік (планда) 1 м-ге дейін жету мүмкін. Бұндай дәлдікке қарапайым геодезиялық аспаптарды қолданып жетуге болады.

Геологиялық қазбаларды байланыстыру кезінде жұмыстардың дәлдігі қазба көшірілетін геологиялық картаның масштабына сәйкес анықталады. Егер карта масштабы 1: 25 000 және одан ұсақ болса, онда қазбалардың орналасу жағдайын жуықтап анықтауға болады, яғни планда – контурлар немесе өлшеулер бойынша, биіктіктерін – картадағы горизонтальдарды интерполяция жолы арқылы анықтауға болады. Егер құрылатын картаның масштабы 1: 25 000-нан ірі, онда қазбаларды координаталар бойынша көшіреді. Мұнда көшіру дәлдігі ең жақын орналасқан геодезиялық пунктке немесе геологиялық тордың пунктіне қатысты анықтағанда орташа квадраттық қателігі пландағы 0,2 мм-ге, ал жергілікті жерде 1 м-ден аспайды.



27 Бөлу және түсіріс жұмыстары кезіндегі нормативтік-техникалық құжаттар

Құрылыстарды жобалау кезінде оған келесі шарттар қойылады:

1 эксплуатацияны тиісті түрде қамтамасыз ету;

2 құрылыс әсемді болу керек және ұзақ мерзімінде оны пайдалану;

3 шектелген мерзімінде салыну,

4 еңбек материалы және қаржы қаражаттарының шығыны аз көлімінде пайдалану.

Құрылған жоба өзімен салу кезінде қажетті технико-экономикалық негіздеуден, есептеулерден, сызбалардан, түсіндіру хаттан тұратын құжаттар жиынтығы болып келеді. Жоба өзі үш негізгі бөлімнен тұрады:

1 құрылыстық;

2 технологиялық;

3 экономикалық.

Құрылыстық бөлімінде құрылыстық жұмыстарды орындау үшін қажетті құрылыстың орналасуы және компоновкасы, конструктивті шешімдер және өлшемдері, құрылысты ұйымдастыру және сол сияқты мәліметтер сақталады. Технологиялық бөлімінде құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы, қолданатын жабдықтардың түрлері, өндірісті механизациялау және автоматтандырылуы анықталады. Жобаның экономикалық бөлімінде құрылыс салудың мақсатқа лайықтығы және смета бойынша құны анықталады. Жобалауды екі кезеңде жүргізіледі: техникалық жоба және жұмыстық сызбалар немесе бір кезеңде – технико-жұмыстық жоба (техникалық жоба жұмыстық сызбалармен бірлескен). Ірі және өте маңызды құрылыстарды жобалаудың алдында технико-экономикалық негіздеу жүргізіледі. Мұнда құрылыс салудың шаруашылықта қажеттілігін және экономикалық жағынан мақсатқа лайықтығын дәлелдеу үшін осы құрылыстың қазіргі кезде бар болған және болашақта болатын құрылыстардың кешенінде ролі және маңызы анықталады. Жобалау тапсырмасында құрылыс салудың аймағы және орны; негізгі параметрлері, сумен, электрмен, отынмен қамтамасыз ету көздері, кезеңділігі және басқа көрсеткіштер анықталады. Техникалық жоба жобалауға бекітілген тапсырманың негізінде құрылады. Онда конструктивті шешімдерге баға, тохнологиялық бөлімінің шешімдері, құрылысты ұйымдастырылуы және сол сияқты мәліметтер беріледі.



Жұмыстық сызбалар бекітілген техникалық жобаның негізінде құрылады және барлық құрылыстық монтажды жұмыстарды тікелей орындау үшін арналған.

Ең негізгі нормативті құжат СНиП болып келеді. Ол 4 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі белгілі бір жұмыстардың түріне қойылатын талаптардан туратын және өздік басыланатын жеке тарауға бөлінеді.

1 бөлім «Жалпы ережелер» нормативті құжаттардың жүйесін, терминологиясын, құрылыстардың жіктелуін, құрылыстағы модульді өлшемдерінің және рұқсаттарының тағайымдау ережелерін бекітеді. Бұл бөлім 5 тараудан тұрады.

2 бөлім «Жобалау нормалары» 108 тарауға бөлінеді және келесі талаптардан тұрады:

- жобалаудың жалпы сұрақтары бойынша (құрылыстық климатология және геофизика, өрт сөндіру еормалары, құрылыстық жылу техника және с.с.);

- фундаметтер, негіздер, құрылыстық конструкциялар, инженерлік жабдықтар жнее сыртқы торлар; көлік құрылыстар, байланыс құрылыстар және с.с. бойынша.

3 бөлім «Жұмыс өндірісінің және қабылдау ережелері» 45 тараудан тұрады. Мұнда құрылысты ұйымдастыру; салынған құрылыстырды эксплуатацияға қабылдау, құрылыстардың инженерлік және технологиялық жабдықтарын және сыртқы торларын монтаждау және с.с. талаптар кертірілген. 3 бөлімнің 2-ші тарауында геодезиялық бөлу негізіне, геодезиялық бөлу жұмыстарына, құрылыстық-монтаждық жұмыстарды орындау дәлдігін геодезиялық бақылауға, деформацияларды геодезиялық байқауға талаптар, сондай-ақ геодезиялық өлшеулердің дәлдігін қамтамасыз ету шарттары анықталған.

4 бөлім «Смета бойынша нормалар және ережелер» 16 тараудан тұрады. Онда құрылыстық жұмыстарына элементтері бойынша және іріктірілген сметалық нормалар құрастыру, жабдықтарды монтаждаудың сметалық нормаларын құрастыру бойынша және с.с. нұсқаулар берілген. СНиПтерге қосымша әртүрлі инструкциялар, техникалық шарттар болып келед.

8 Мемлекеттік пландық және биіктік торларды және оларды құрудың ережелері

Геодезиялық тор деп – координаталары мен биіктіктері анықталған жер бетінде бекітілген нүктелер жүйесі аталады. Геодезиялық торлар үлкен және кіші аймақтарда құрылады, сонедықтан оларды келесі түрлерге жіктеуге болады:

1) глобальды геодезиялық тор

2) мемлекеттік геодзиялық тор

3) жиілету торлары

4) геодезиялық түсіру торлары

Геометриялық түрі бойынша геодезиялық торларды пландық, биіктік және кеңістік торларға бөледі.

Торды құрғанда «жалпыдан жекеге ауысу» принципі қолданылады.

Глобальды геодезиялық тор ғарыштық геодезия әдістері арқылы жобаланады. Пункттердің орналасу жағдайы тік бұрышты геоцентриялық жүйеде анықталады. Бұл жүйенің басы жердің салмақ орталығымен бірлескен Z осьі ретінде жердің айналу осьі алынған. Ал, ZY жазықтығы ретінде бастапқы меридианның жазықтығы алынған .Глобальды геодезиялық торды жоғарғы геодезияда, геодинамикада, астрономияда және басқа да ғылымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық мәселерін шешуге қолданылады. Осындай мәселелерге мыналар жатады:

1) фундаментальды геодезияның тұрақты шамалары,

2) жердің гравиметрияялық аясын және фигурасын зерттеу,

3) жер бетінің деформациясын, жылжуын зерттеу (литосфералық қабаттар)

Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық жағдайы жалпылама мемелекеттік координаталық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.

Мемлекеттік геодезиялық тор деп мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торды айтады.

Мемлекеттік геодезиялық торлар 3 түрге бөлінеді:

1) мемлекеттік геодезиялық тор (пландық)

2) нивелирлік тор (биіктік)

3) мемлекеттік гравиметриялық тор.

Пландық геодезиялық торларды негізінен триангуляция, трилатерация, полигонометрия, сонымен қатар осы әдістердің аралас әдістерімен құрады.

Мемлекеттік пландық геодезиялық тор триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерінен құрылып 1, 2, 3, 4 класқа бөлінеді де, бір-бірінен бұрыштарды және ұзындықтарды өлшеу дәлдігімен, үшбұрыштардың өлшемдері, жүріс ұзындықтары және оларды құру ретімен ерекшеленеді.

Триангуляция әдісі. Ең бірінші рет 1614 жылы Снеллиспен ұсынылған. Бұл әдіс барлық мемлекеттерде таралған. Бұл әдістің мағынасы: жер бетінің басыңқы биіктіктеріне үшбұрыш торларын құрайтын геодезиялық пункттер жүйесін бекітеді. Бұл торда бастапқы пункт координаталары әрбір үшбұрышта горизонталь бұрыштары, базистік қабырға ұзындығы және азимуты анықталады. Базистік қабырға азимуты тордың масштабын және бағдарлау үшін қажет. Триангуляция торы жеке үшбұрыштар қатары ретінде үшбұрыштар қатарының жүйесі ретінде құрылады. Триангуляция торы элементі ретінде үшбұрыштар ғана емес, сонымен қатар күрделі фигуралар, геодезиялық төртбұрыштар, орталық жүйелері бола алады.

Триангуляция әдісінің негізгі артықшылықтары болып әртүрлі физико-географиялық жағдайларды қолдану мүмкіндігі, көп мөлшерде өлшеулерді алу, яғни далалық жағдайда өлшеулерге бақылау жасауға болады, тордың қос пункттер арасында олардың өзара орнын анықтау дәлдігі жоғары болып келеді. Бұл әдіс негізінен мемлекеттік геодезиялық торларды құру кезінде кең таралған.

Полигонометрия әдісі. Бұл әдіс геодезиялық торлар құру үшін ХХ ғ. 60 жылдарынан бастап кең қолданылды. Бұл кезде геодезия өндірісінде дәлдігі жоғары жарық және радио ұзындық өлшегіштер кең қолданылды. Бұл әдістің мағынасы келесіде: жер бетінде жеке жүрістерді немесе қиылысатын жүрістердің жүйесін құрайтын геодезиялық пункттердің жүйесі бекітіледі. Бұл торларды пункттер арасында арақашықтықтары, пункттерде бұрылу бұрыштары өлшенеді. Қалалық жерлерде және құрылыс салынған жерлерде бұл әдіс триангуляция әдісіне қарағанда экономикалық жағынан тиімді және тез орындалады.

Полигонометрия әдісінің келесі кемшіліктері бар: далалық жағдайдаөлшеулерге бақылаутриангуляциға қарағанда аз болады, полигонометрия торы триангуляцияға қарағанда дәлдігі төмен болып келеді, полигонометрия торлары триангуляция торларына қарағанда қатаң геометриялық құрулар аз болады.

Трилатерация әдісі. Бұл әдіс үшбұрыштар қатары ретінде, геометриялық төртбұрыштар және орталау жүйелері ретінде құрылатын геодезиялық тор. Үшбұрыштарда барлық қабырғалары өлшенеді. Торды бағдарлау үшін кейбір қабырғалардың азимуттары анықталады. 1 және 2 класты мемлекеттік геодезиялық торларды құру кезінде бұл әдіс қолданылмайды.

Геодезиялық жиілету және түсіру торлары

Геодезиялық жиілету торлары мемлекеттік геодезиялық торлардың негізінен дамиды. Олар ірі масштабты түсірістередің, сонымен қатар қала мен елді-мекендерде, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында және т. б. орындалатын инженерлік геодезия жұмыстарының негізі ретінде қолданылады.

Пландық геодезиялық жиілету торлары 1 және 2 разрядты триангуляция және полигонометрия торлары түрінде қолданылады.

Геодезиялық түсіру торлары

Топографиялық түсірістерді орындауды қамтамасыз ету үшін торларды тығыздап құруға негізделіп жасалады. Түсіру торларының тығыздығы түсіріс масштабы ме нжердің рельефінің өзгерісі арқылы анықталады, сонымен қатар инженерлік құрылысты ізденіс, салу және пайдалану кезінде геодезиялық жұмысты қамтамасыз етуге байланысты болады.

Түсіру негіздері мемлекеттік және геодезиялық жиілету торларының пункттерінен дамиды. Түсіру негіздері түсіру триангуляциялық торлар, теодолиттік, тахеометрлік және мензулалық жүрістер, тура, кері және біріккен қиылыс әдістері арқылы құрылады. Түсіру негіздерін дамытқанда нүктелердің пландық және биіктік жағдайлары бірдей анықталады.


5903528789762476.html
5903562138387515.html
    PR.RU™